Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің - дей келе, мектебімізде тәлімгер Н.И.Ержакаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің 73 оқушысы Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Ұйымға қабылданушы оқушыларды марапаттау құрметі мектеп директоры Э.Дакишеваға ұсынылды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
2020 жылдың 15 желтоқсан күні мектебіміздің 73 оқушысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды, 37 оқушы «Жас ұлан», 36 оқушы «Жас қыран» қатарына өтті.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-altynsarin/10102-%C2%AB%D0%B6%D0%B0%D1%81-%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D0%BD%C2%BB.html#sigFreeId35e901aca7
