Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінде «Көңілді эстафета» өткізілгені туралы
Анықтама
Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту, оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл – әрекетке жаттықтырушы, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына "Көңілді эстафета" оздырылды.
Эстафета барысында оқушылар жүгіру, қос аяқпен секіру, басына кітап қойып жүру, доп соғу, есептер шығару, бір ыдыстан екінші ыдысқа қасықпен су толтыру және сақинаға доп лақтыру сияқты тапсырмаларды орындады.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-altynsarin/10010-%D1%8D%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%84%D0%B5%D1%82%D0%B0.html#sigFreeIddba6023cf6
Мектеп тәлімгері: Н.И.Ержакаева
(қаңтар, 2021жыл)
