23 ақпанда Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің жанындағы интернат тәрбиеленушілеріне қазақ халқының ақиық ақындарының бірі - Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл толуына орай «Жыл жүйрігі-Мұқағали Мақатаев» ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау.
Ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыра отырып, оқушыларды өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру. Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.
Тәрбеленушілерге тақырыпқа байланысты тапсырмалар ұйымдастырылып, бейнероликтер көрсетіліп,сұрақтар қойылды.Балалар өз ойларымен бөлісіп,пікір алмасты.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/intern-t-kz-altin/13558-23-a-panda-ybyraj-altynsarin-atynda-y-zhobb-mektebini-zhanynda-y-internat-t-rbielenushilerine-aza-khal-yny-a-iy-a-yndaryny-biri-m-a-ali-ma-ataevty-tu-anyna-biyl-90-zhyl-toluyna-oraj-zhyl-zh-jrigi-m-a-ali-ma-ataev-ashy-t-rbie-sa-aty-tkizildi.html#sigFreeId574ec9ce1f