15 Қар 2021
Интернат

2 қазанда Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің жанындағы интернат тәрбиеленушілеріне «Қазыналы қарттарым» ашық тәрбие сағаты өткізілді

Тәрбие сағатының мақсаты: Тәрбиеленушілердің бойына үлкенді сыйлап,тыңдай білуге,халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Тәрбиеленушілерді халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, үлкенді тыңдай білуге шара ұйымдастырылды.Шара барысында тәрбиеленушілер үлкен кісімен кездесіп, қызықты әңгімелерімен бөлісті. Тәрбиеленушілерге қартаю не екенін, үлкен кісілерге құрмет, әдептілік кішіпейілділік сезімдерін танытып, ата-анасын ардақ тұтып, перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармаулары туралы айтылып пікір алысты.