15 Қар 2021
«Адал ұрпақ» КЛУБЫ

"Қазақстан - құқықтық мемлекет"

Мектебімізде рухани-адамгершілік пен азаматтық-патриоттық тәрбие беру мәтінінде "Адал ұрпақ" сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру мақсатында "Қазақстан - құқықтық мемлекет" айлығы ұйымдастырылып, жоспарға сай іс-шаралар жүзеге асуда. Мектеп психологі С.Б. Валиева 4 сынып оқушыларына "Менің құқығым" атты тренинг өткізді. Тренинг амандасумен басталып топтық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар қызыға қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді.

Тренинг мақсаты: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;

ой-өрісін дамыту,белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасауға үйрету ,есте сақтау қабілетін жетілдіріп,сөздік қорын молайту;

құқықтық,патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру.