28 Сәу 2022
Мектеп кітапхнасы

Мектеп кітапханашысы Жумагулова Ж.С ұйымдастыруымен 8 сынып оқушыларына «Мен оқыған бір кітап» атты шара ұйымдастырылды.

#оқуғақұштармектепжобасы

Мектеп кітапханашысы Жумагулова Ж.С ұйымдастыруымен 8 сынып оқушыларына «Мен оқыған бір кітап» атты шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту. Оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру. Оқушыларды білім құралы кітаптың маңызымен таныстыру. Оның алғашқы шығу тарихымен және алғашқы баспагерлермен, еліміздің баспаларымен таныстыра отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой - өрістерін дамыту. Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Шара барысында «Кітап оқудың 7 пайдасы» атты бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі жасақталып таныстырылды. Оқушылар өздерінің оқыған кітаптары туралы жазып, ойларымен бөлісті.