Мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен 8 сынып оқушыларына «Тағылымды кітаптар әлемі» атты флешбук өткізілді. Мақсаты: 2022 жылғы мерей той иелері таныстырылып, кітаптарын оқуға ұсынылды. А.Байтұрсынов 150 жыл, Шерхан Мұртаза 90 жыл, Мәметова Мәншүк - қаһарман қазақ қызы, Кеңес одағының Батыры, туғанына 100 жыл, Мұстафин Ғабиден – жазушы туғанына 120 жыл т.б мерей той иелерінің қызықты деректер жинақталып слайд түрінде оқушыларға көрсетілді.