12 Сәу 2022
Мектеп кітапхнасы

"Оқуға құштар мектеп" жобасы

#кітапоқыпозықбол

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Еркін оқу кеңістігі" бағыты бойынша кітапханада "20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз" тақырыбында 8 сынып оқушылары үзіліс кезінде бір мезетте ұжыммен кітап оқып, оқыған кітаптары туралы эссе жазды. Мақсаты: кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру.