Оқуға құштар мектеп жобасы аясында
"Кітап оқып, рухани бай бол" атты мұғалімдер арасында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқыған кітаптарын қызықты етіп таныстырып, келесі ұстаздарға оқуға ұсыну. Шара барысында "Бір ел- бір кітап" республикалық акциясының шығу тарихын кітапханашы Ж.Жумагулова таныстырды.
Шара соңында "Сиқырлы банка" әдісін ұйымдастырып, банканың ішінен тәтті кәмпиттер салынып, сыртынан сұрақтар жабыстырылып, ұстаздар сол сұрақтарға жауап берді.