Оқуға құштар мектеп
Өмірге ИӘ деп айт!
Мектебімізде өтіп жатырған «Өмірге ИӘ деп айт!» айлығы аясында және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9 және 11 сынып оқушыларымен, ұстаздармен «Жетістікке жету өз қолыңда!» тақырыбында мектеп кітапханашысының және педагог-психологтің ұйымдастыруымен ReadX жобасы өткізілді. Мотивациялық кітаптармен, қанатты сөздермен көрме жасақталды. Жоба барысында Ник Вуйчичтің «Өмірге шек жоқ», А.Құнанбаевтың «Қара сөздері», Стив Джобс кітаптары және тағы да басқа кітаптар талқыланып, Информатика пәні мұғалімі Ш.Кубашова оқушыларға өз қаламынан шыққан өмір туралы өлеңін оқып берді.