15 Қаң 2022
Мектеп кітапхнасы

Баланың кітапқа деген сүйіспеншілігін тудыру әрбір ата-ананың міндеті, борышы

"Оқуға құштар мектеп" жобасы

Баланың кітапқа деген сүйіспеншілігін тудыру әрбір ата-ананың міндеті, борышы. Баланы кітапқа қызықтырудың басты бір жолы - ата-аналардың өздерінің кітапшыл болып, біліктілікпен, биік талғаммен оқып, отбасы, ошақ қасында әңгіме-дүкен құрып, ондағы оқиғаны тілге тиек ете білу. Ол арқылы кітапқа деген бала құштарлығын арттыруға болады.

Көп кітаптан баланы не қызықтыратыны және кім болғысы келетінін біліп алып, соған ойластыра таңдап - талғасу да , оқуға Баланың кітапқа деген сүйіспеншілігін тудыру әрбір ата-ананың міндеті, борышы. Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруы тиіс. Ұлттың рухани сау болуы кітап оқуға тікелей байланысты. Әр елде жүргізілген тәжірибелер бойынша мынадай жағдайлар анықталған:

кітап оқитын адамдар белгілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдауға бейім, есте сақтау деңгейі, шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай,ойын еркін жеткізеді, елмен жақсы қарым қатынаста болады. Осы орайда мектебімізде "Үздік оқырман" отбасылық кітап оқу марафоны ұйымдастырылып, ата-аналар мен оқушылар қатысуда.