"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Мектебімізде мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұстаздар арасында "ReadX" жобасы оздырылды. Шара барысында мектеп директоры Г.Дуйсенова педагогикалық ұжымды кітап оқуға шақырып, Н. Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді", Робин Р. Джексонның "Шәкіртіңнен аспа, саспа немесе ұстаз болам десеңіз..." кітаптарын ұсынды. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Султангереева Қ. Әлім мен Е. Сатыбалдиевтың "Алаш қызы Гүлнар" кітабын, бастауыш сынып мұғалімі Б. Куспанова мен педагог-психолог С. Валиева Ник Вуйчичтің" Өмірде шектеу жоқ" кітабын жарнамаласа, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш. Кондудаева Ғ. Мүсіреповтың "Ұлпан" романын оқуға шақырды.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF-%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%8B/12941-mektebimizde-mektep-kitapkhanashysyny-jymdastyruymen-o-u-a-shtar-mektep-zhobasy-ayasynda-stazdar-arasynda-readx-zhobasy-ozdyryldy-2.html#sigFreeId37998307ce