Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар арасында кітап оқуды насихаттап, оқуға деген қызығушылығын арттырып, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру бағытында READx жобасы бойынша шара өткізілді. Шараға 7 сынып оқушылары Абуова Урсула, Шабаева Кристина, 6 сынып оқушысы Бактигалиева Жансая, 5 сынып оқушысы Ербулатова Айлана және мектебіміздің аға тәлімгері Н.Ержакаева спикер ретінде қатысып, өздерінің оқыған шығармаларымен бөлісті.
Мақсаты: Оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.
READx жобасы - бұл кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, шабыттандыратын адамдардың көпшілік алдындағы сөйлеуі.
Әдетте, спикерлердің көпшілік алдында сөйлеуі қол шапалақтау мен тұрып сөйлеуге негізделсе, ал бізде мүлдем басқаша өткізілді. Кітапханашы оқушыларға «Оқимын» және «Ойланамын» деген жазуы бар екі топшама үлестірілді. Әр сөйлеушіден кейін оқушылардың қолдарындағы бір топшаманы көрсету арқылы дауыс берілді. Бұндай дауыс беру спикерлердің ұсынған қай кітабы қызықтырғаны анықталды.