10 Ақп 2021
Қамқоршылық кеңес

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ қамқоршылық кеңес жұмысы туралы мәлімет

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ  Қамқоршылық кеңес аудандық білім бөлімінің №447 бұйрығы негізінде 29 желтоқсан 2017 жылы құрылып, 9 мүшесі сайланды. Осы күні №1 хаттамамен тіркеліп, төрайымы Н.Д.Мусенов, хатшысы А.Абдрахманова сайланды, Қамқоршылық кеңестің міндеттері таныстырылды.

№ 1 қамқоршылық кеңес отырысы 07   ақпан  2018 жылы өтті, бұл отырыста «Қамқорлық айлығының жүргізілуі»  талқыланды. «Қамқорлық» айлығының өтуіне байланысты жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету мақсатында жоспар құрылып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.  Аз қамтылған отбасы Кужакова Н. 15000 тенге көлемінде азық-түлік алынды.  Сонымен қатар, мектептегі аз қамтылған, көпбалалы және қамқоршылыққа алынған, коллегиалдық шешімімен бекітілген  оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Айлық барысында мектеп формасы, спорттық киімдер демеушілер есебінен алынып,  көмек көрсетілді. Акция аясында бес отбасыға 20000 тенге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді.

19 наурызда өткен  №2 қамқоршылық кеңес отырысында қамқоршылық кеңес  алдында мектеп директоры Дакишева Э.М. оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысы туралы есеп беріп, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және қорғау, қоғамдағы өмір сүруін қадағалау, оқушылардың жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мәселесі қаралды. Кеңес мүшелері тарапынан демеушілік көрсетіліп, 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шарада 4000 теңгеге тәттілер алынды. 

2018-2019 оқу жылында 1 отырыс өткізіліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс  жоспары жасақталып айқындалды.

 

Директордың ТІЖО А.Умбеталиева