Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні мектебімізде ҚББП А.С.Дуимбаеваның ұйымдастыруымен «Ізденіс» ғылыми қоғамының мүшелерімен ZOOM платформасы арқылы «Тәуелсіздік - тұғырым» атты қашықтықтан ғылыми- практикалық конференциясы оздырылды. Конференция мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру, патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. Конференция барысында оқушыларымыз дайындаған слайдтарын қорғап, өз ойларын ортаға салып пікірлерімен бөлісті.
