07 Маус 2021
Жаңалықтар

БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН

"БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН" Ұлттық ақпараттық науқанына құрылған арнайы жоспарға сай 3-4 маусым аралығында бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару мақсатында «Бақытты отбасы» атты 4-5 сынып оқушыларына фотоконкурсы ұйымдастырылды. Байқауға бірнеше фотосуреттер қатыстырылды. Нәтижесінде І орынға 4 «А» сыныбынан Ақәділдер отбасы, ІІ орынға 5 «А» сыныбынан Нұрболатовтар отбасы, ІІІ орынға 5 «Б» сыныбынан Гайнуллаевтар отбасы иеленді. Қатысушыларымызды құттықтаймыз!

 

#БАЛАЕҢБЕГІНҚАНАУҒАЖОЛЖОҚ