21 ақпан күні мектебімізде XVI аудандық «Intel-junior-2019» олимпиадасы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Олимпиадаға ауданымыздың барлық мектептерінің 3-4 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша III орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ-нің 3 - сынып оқушысы Гайнуллаева Назерке өз қоржынына салды, II орынды С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ-нің 3 - сынып оқушысы Каби Нуркен иеленген болса, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ-нің 4 - сынып оқушысы Аққали Жанел I орынды жеңіп алып, облыстық кезеңде аудан атын қорғамақшы.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-altynsarin/9543-%C2%ABintel-junior-2019%C2%BB.html#sigFreeId9bfe4e4e0a
