Бүгінгі жастардың мемлекет қамын ойлайтын ертеңгі ел ағалары екенін ескерсек, олардың азаматтық санасы бүгіннен бастап ұлттық болмыспен ұштаса дамуы керек. Осы мақсатты іске асыру үшін ұлттық мәдени мұраның озық үлгілеріннің бірі болып табылатын ұлттық ойындарды өткізуді дәстүрге енгізу қолға алынды.
Ұлттық ойындардың ішінде аса танымалысы – асық ойыны. Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде аудан мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында «Асық атудан» аудан біріншілігі ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанатында аудандық білім бөлімі басшысының м.а. Батыргалиева Г.Б., аудандық білім бөлімінің әдіскері Ерғали М.Е. қатысып құттықтау лебіздерін білдірді. Жарыстың бас төрешісі Кушалиев Қазбек Набиоллаұлы, бас хатшы Үмбеталиев Ерлан Жанбулатұлы болып, ойыншылардың ойындарын әділ бағалап осындай қорытындыға келді: Ұлдар арасында жүлделі 1-орынға иеленген Оразаев Артур (Айнабұлақ НМ), 2-орынға Тастайбеков Айболат (Мереке ЖОББМБ), 3-орынға Изгалиев Данияр (Ынтымақ НМ), ал қыздар арасынан топ жарып 1-орынға Фазоллина Азиза (Мереке ЖОББМБ), 2-орынға Мухамбеткалиева Шолпан (Ы.Алтынсарин ЖОББМ), ал 3-орынға Джуматаева Ақгүл (Айнабұлақ НМ) ие болған.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-altynsarin/9541-%D2%B1%D0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD.html#sigFreeId18c94db5ac
