Жыл сайын мектебімізде дәстүрге айналған жылына екі рет үздіктер шеруі оздырылады. Ақпан айында І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша үздік оқушыларымызды марапаттап, мамыр айында ІІ жартыжылдықтың қорытындысы бойынша үздік оқушыларды және жыл бойы белсенділік танытқан оқушыларымызды марапаттаймыз. Мектебімізде бірінші ақпан күні «Үздіктер шеруі-2019» байқауы өтті. Мақсаты: Оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп намысын пәндік олимпиадалар, түрлі сайыстар мен конкурстарда қорғап жүрген оқушыларға көңіл бөлу,марапаттау. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға белсенділікке, сабақты үздік оқуға ынталандыру. Мектебімізде барлығы -353 оқушы.Үздік оқушылар саны - 53, ал екпінділер саны - 97. Үздік оқушыларымызға арнайы фотосымен, нақыл сөздерімен безендірілген бейджиктер дайындалып,табыс етілді. Болашақта үздіктеріміздің қатары көбейе беруіне тілектеспіз.
