11 Ақп 2021
Іс-шаралар

Тәрбие сағаты

Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы- сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділігі артады, оларда іскерлік дағды қасиеттері қалыптасады. Сынып сағаты мынандай тәрбиелік қызметті атқарады: ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдық және қалыптастырушылық. Сынып сағатының ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды. Осының бәрін ескере отырып мектебімізде 3-тоқсанға арналған ашық тәрбие сағаттарының кестесі құрылып, мектеп директорымен бекітіліп, сынып жетекшілер кестеге сай тәрбие сағаттарын жоғары деңгейде ұйымдастыруда.