11 Ақп 2021
Іс-шаралар

Ресурстық орталық Өзін-өзі тану 10 күндігі

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында 2013-2014 оқу жылынан бастап мектебімізде ресурстық орталық ашылып, бүгін міне, 2018-2019 оқу жылының 2-сессиясы өз жалғасын табуда. Мектебімізге Айнабұлақ НМ- 11, Ынтымақ НМ – 6, Бірлік НМ – 10 оқушы келді. Жалпы 27 оқушы. Ресурс орталығының ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Габбасова Л.Д. қатысып сөз алды. Сонымен қоса «Өзін-өзі тану» пәнінің онкүндігінің ашылуы да ұйымдастырылды. Онкүндік аясында түрлі тренингтер, ашық сабақтар, шебер-сыныптар жоспарланып, мектеп директорымен бекітілді.