11 Ақп 2021
Іс-шаралар

Оқушылардың бос уақыты

2018 жылдың 9 қаңтарында мектебімізде "Оқушылардың бос уақыты" тақырыбында сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Әдістемелік отырыста сынып жетекшілер "Оқушылардың сабақтан тыс кездегі бос уақытын ұйымдастыру" және "Жас Ұлан ұйымының тәрбие берудегі тиімділігі" атты баяндамаларын тыңдап, үйірме жетекшілері үйірме мен секция жұмыстарымен таныстырып, іс - тәжірибемен бөлісті. Мектеп психологы "Бала жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек?" психологиялық кеңес беріп, үнқағаздарын таратты. Әдістемелік отырыстқа қатысқан сынып жетекшілерге жемісті еңбек үшін ризашылық білдіреміз!