11 Ақп 2021
Іс-шаралар

"Бетпе бет"

22 желтоқсан мектебімізде ата-аналарды білім сапасымен таныстыру, ата-аналар мен мектептің қарым-қатынасын нығайту мақсатында "Оқушылардың тұлға болып қалыптасуының траекториясы" атты ата-аналарға арналған "Бетпе бет" алаңы өтті. Шара жеке кеңестер беру, ата-аналармен сұхбаттасу формасы түрінде ұйымдастырылды. Жеке кеңес беру зерттеп білу сипатында болып, ата-анамен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнауына көмектесуі тиіс. Пән мұғалімдері сынып оқушыларының оқу жетістіктеріне талдау жасап, ата-аналардың қосымша сұрақтарына жауап берді.