Аудандық «Импульс- 2019» жас зерттеушілер мен өнертапқыштар интеллектуалды турнирі өтті. Аталған турнирге мектебіміздің 5-8 сынып оқушыларынан команда құрылып, бақтарын сынады. Турнир мақсаты: математика, физика, техника саласындағы ізденіске , зерттеушілікке, өнертапқыштыққа оқу-танымдық қызметін ынталандыру. Турнир үш айналымнан құралды. Теориялық тест, үй тапсырмасы, өнертапқыштық тапсырмаларды орындау. Турнирге оқушыларымыз белсене қатысып, жүлделі ІІІ орыннан көрінді.
Сонымен қатар аудандық ХІІ облыстық «Бесінші элемент-2019» химиялық зерттеу-эксперименттік турнирі оздырылды.
Мақсаты:
- химия,химиялық технология, зерттеу-эксперименттік саласын оқушыларды қызықтыру, кәсіби бағдар беру;
- оқушылардың жаратылыстану пәндеріне, зерттеу-эксперименттік қызметіне қызығушылығын дамыту,химиялық білімдерін насихаттау. Үш айналым бойынша оқушыларымыз білімдерін көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жүлделі орындарымен оқушыларымызды құттықтап, сәттілік тілейміз!
