11 Ақп 2021
Іс-шаралар

Ашық есік күні

Мектебімізде ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні ата-аналар үшін «Ашық есік» күні өтті. Мақсаты: ата-аналарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысымен жақынырақ таныстыру және мектептегі іс-шараларға белсене араласуға тарту. Ашық сабақтар, сабақ кестесіне сәйкес барлық пәндер бойынша өткізілді. Ұл-қыздарының мектептегі өмірімен танысуға ата-аналар қызығушылық танытып белсенді қатысты. Бағдарламаға сай мектеп директоры Э.Дакишева ата-аналарға Ашық бюджет туралы мәлімет берді. Тренинг ұйымдастырылып, ашық сабақтарға қатысты, мектеп асханасының ас мәзірі сай екендігін тексерді, "Асық ойнау" ұлттық ойыны және мылтықпен ату шебер-сыныптары мектеп мұғалімдерімен тиімді өткізілді.