Ақпан айының 8-і күні «Шұғыла» жазғы демалыс лагерінің базасында аудандық білім беру ұйымдары басшыларына және жас мамандарға арналған "Өсу векторы" оқыту және дамыту мектебі шарасы өтті.
Жоба жұмысына аудандағы 15 мектеп директоры, 3 қосымша білім беру, 4 мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымының басшылары қатысып, кәсіби, тұлғалық әлеуеттерін шыңдады. "Өсу векторы" мектебінің жұмысын түске дейін табиғат аясында шаңғы тебу бойынша жарыстан бастап, түстен кейін Л.А.Жубанышкалиева – аудан әкімінің орынбасарының «Әлемдік деңгейдегі білім берудің тиімділігі мен ерекшеліктері», С.И.Темиргалиева – жалпы білім беретін орта мектеп және мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту бөлімінің басшысының «Құқықтық сауаттылық – құқықтық мәдениеттің негізі», А.О.Хамзина – мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинет директорының «Білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері: шешу жолдары, нәтижелері» атты тақырыбымен шеберлік тренингтерін ұсынды.
Адамның тұлғалық, басшылық қабілетін шыңдауға, мінезі мен әдебін қалыптастыруға бағытталған жобаны әр тоқсан сайын өткізу жоспарланған.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-altynsarin/9495-%C2%ABtasqala-%C3%B3s%C3%BD-vektory%C2%BB-qysqy-mektebi.html#sigFreeIdf3475333de
