11 Ақп 2021
Іс-шаралар

11 сыныппен үгіт - насихат жұмыстары

Қазақстандағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орнының бірі - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті өзінің даму жолындағы жаңашылдықтарды ашып, жеткен жетістіктерін мақтан етеді!

Білім нарығындағы 85 жылында университет 70 мыңнан астам жоғарғы деңгейлі маман дайындап шығарды.

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың стратегиялық басымдылығы Қазақстанның еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, жоғары сапалы біліммен қамтымасыз ету болып табылады. Бұл жыл сайын университет түлектерінің 80-90 пайызын жұмысқа орналастыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жыл сайын М. Өтемісов атындағы БҚМУ мемлекеттік және жоғары оқу орын гранттарына түсуге кең мүмкіндіктерін ұсынады, студенттермен халықаралық алмасу бағдарламасын жүзеге асырады, әртүрлі жеңілдіктер, сонымен қатар, белсенді және ұмытылмас студенттік өмір ұсынады.

11-сыныптың оқушыларына осының бәрін айтып таныстыруға келген бір топ мамандары оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қоса, аудандық төтенше жағдай бөлімшенің қызметкерлері өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің нұсқаулықтарын таратып және кәсіби бағдар беру мақсатында Көкшетау Техникалық ЖОО туралы ауданымыздың Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ түлегі Ибатов Дастан осы оқу орны туралы мәлімет беріп,11-сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.