БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында орналасқан 50 жылдық тарихы бар Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінде "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында 6 айға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгін де көне ғимараттың келбеті өзгеріп, ажары кірді. Әлеуметтік маңызы бар нысанның әрін кіргізуге 150 577 175,51 теңге қаражат жұмсалған. Балаларының заман талабына сай жаңа мектепте оқитынына ата-аналар қауымы дән риза.
Ағымдағы жылдың 16 қарашасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, оқу жылының II тоқсанын бастадық. Қазіргі таңда оқып жатырған кезекші сынып саны-12. Оқушылар екі ауысымда оқуда.
