29 Нау 2021
«Адал ұрпақ» КЛУБЫ

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өткендігі туралы

Анықтама

 

Мектебімiзде «Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында ата-аналар жиналысы оздырылды.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдіениетті қалыптастыру бағдарламасы туралы түсінік қалыптастыру.

Жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен санитарлық – эпидемиологиялық шараларды сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жаңа оқу форматының ерекшеліктері таныстырылды. Жалпы сынып саны – 26. Барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілді. Жалпы ата-аналар саны – 385, қатысқан ата-аналар – 317 . Соның ішінде Zoom платформасы арқылы - 78, WhatsApp арқылы – 239 ата-ана қатысты.

 

Тәлімгер: Н.И.Ержакаева

(Қыркүйек, 2020)