20 тамыз күні жаңа 2020-2021 оқу жылында қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылында мектебімізде 27 сынып. Белгіленген жиналысқа 150 ата-ана қатысып, жадынамалар таратылды. Ата-аналар жиналысы zoom, whatsаpp платформалары арқылы жүзеге асырылды. Жиналыс барысында қозғалған сұрақтар: Қашықтан оқытудағы ата-ананың міндеттері, ата-ана баласы үшін не істеу керек, сабақ барысында өздерін ұстау және оффлайн режимде оқитын оқушылардың оқу режимі, қауіпсіздік шаралары т.б көптеген сұрақтар қарастырылды.